Марат Қарабаев: Әуежайлардағы арнайы техникалар мен жабдықтардың 50 пайызы тозған

Ол әуежайлар маңындағы заңсыз салынған нысандардың ұшу қауіпсіздігіне кедергі келтіретінін айтты

Нұрдәулет Кәкіш

Әуежайлардағы арнайы техникалар мен жабдықтардың 50 пайызы тозған. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Әуежайлардағы арнайы техникалар мен жабдықтарға тоқталатын болсақ, олардың тозу деңгейі 50 пайызды құрайды. Сондықтан барлық әуежайларда мобильділігі төмен жолаушыларға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін мүгедектер арбасын және амбулифт сатып алу маңызды болып тұр. Бұл жобаларды қаржыландыру жұмыстары жеке әуежайлар үшін өз қаражаты немесе жеңілдетілген несиелер есебінен атқарылатын болады. Ал мемлекеттік әуежайлар үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп, бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтаудамыз», - деді Көлік министрі.

Сонымен қатар ол әуежайлар маңындағы заңсыз салынған нысандардың ұшу қауіпсіздігіне кедергі келтіретінін, осы бойынша әкімдіктер арнайы шара қолдануы керектігін атап өтті.

«Биыл әуежай аумақтарында жаңа нысандардың пайда болуына жол бермейтін заңнамалық өзгерістер қабылданды. Осыған байланысты әкімдіктер әуежай маңындағы заңсыз құрылысқа жол бермеуге ерекше назар аударып, бұрын берілген жер учаскелерін мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деді Марат Қарабаев.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02