Көлік министрі: Авиаотынның тапшылығы жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды

2024 жылдың маусым айынан бастап Алматы әуежайы «Джет А-1» авиаотынын тұтынуға көшеді

Нұрдәулет Кәкіш

Еліміздің әуежайлары біртіндеп «Джет А-1» авиаотынын пайдалануға көшеді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Алдағы уақытта елдің транзиттік әлеуетін бұдан әрі арттыру мақсатында жергілікті инфрақұрылымды дамыта отырып, мынадай үш бағыттағы жұмыс атқарылатын болады: авиаотынмен қамтамасыз ету; арнайы техника және жабдықтарды жаңарту; әуежайлардың іргелес аймағындағы ұшу қауіпсіздігін жоғарылату. Қазіргі кезде авиаотынның тапшылығы жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемді импорттық авиаотын түрлерін көбейту арқылы шешуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Алматы әуежайының жанармай құю кешені жаңғыртудан өтуде. 2024 жылдың маусым айынан бастап «Джет А-1» авиаотынын тұтынуға көшеді», - деді министр.

Оның сөзінше, отандық зауыттар өндірісін «Джет А-1» отын өндірісіне қайта бағдарлау авиаотын көлемінің айтарлықтай ұлғаюына алып келмейді.

«Оған қоса барлық әуежайлардың инфрақұрылымын «Джет А-1» авиаотынына өткізу үшін қомақты қаражат қажет. Сондықтан әуежайлар өз мүмкіндіктерін ескере отырып, рет-ретімен қажеттіліктеріне қарай осы жанармай маркасын қолдануға көшетін болады. Бұдан басқа авиаотынның түпкілікті құнына әсер ететін делдалдық құрылымдарды болдырмау мақсатында импорттық авиаотынды шетелдік мұнай өңдеу зауыттарынан тікелей сатып мәселесі пысықталуда», - деді Марат Қарабаев.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19