«Ақиқат енді басталады»: қазақстандық сарапшы АҚШ-тың Украинаға бөлетін қаржысының бітуі туралы

Ол сөз басында АҚШ саяси жүйесіндегі қиындықтарға тоқталып өтті

Ануар Маратов

АҚШ Қорғаныс министрілігі Украинаға бөлінген әскери көмек қаражаты 30 желтоқсан күні бітетіні туралы хабарланған болатын. Sarbaz.kz тілшісі осы тұста Украинаны қаржыландыруға қатысты қазақстандық саяси шолушы, Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының докторанты Ғазиз Әбішевтің пікіріне жүгінді.

Ол сөз басында АҚШ саяси жүйесіндегі қиындықтарға тоқталып өтті.

«Менің ойымша, нағыз ақиқат енді басталады. АҚШ-тың Украинаны қолдауы 2022 жылы көрінгендей тамаша болмады. АҚШ – саяси жүйесі күрделі ел. Оқшауланған консерваторлар Еуразия континентіндегі істерге араласу арқылы Украинаны неге қолдайтынын түсінбейді. Ал олардың орталыққа жақын әріптестері қолдауға қарсы емес, бірақ Мексика шекарасындағы қабырға ой салады. Егер әңгіме бірнеше миллион доллар туралы болса, ешқандай қиындық болмас еді. Бірақ іс ондаған миллиард туралы. Аз ақша емес. Үлкен қаражат. Бұл АҚШ-тың сауда-саттығында үлкен мәселе болмақ», - деді Әбішев.


Фото: ia-centr.ru

Сөзін жалғай отырып, АҚШ сенаты Украинаны қолдау үшін бюджет бөлуді бұғаттаудың басты себебі – республикашылардың осы бюджетке көші-қон саясатының өзгеруін енгізу талабы бар екенін қозғап өтті.

Сонымен қатар, сарапшы Ресей мен АҚШ қатынастарындағы қызу жағдайды да ұмыт қалдырмады.

«АҚШ-тың Ресеймен тепе-теңдікке қатысты өз ойлары бар. Ресей Батыстың автократия істеріне араласуына қарсы тиімді коалиция құрмақ. Бұл Қытайдың, Таяу Шығыс елдерінің және басқа мемлекеттердің қатысуымен жүзеге асырылмақ.

Дегенмен, АҚШ-тың Украинаны тастап кетуі екіталай. Статус-квоны сақтауға, жағдайды жартылай тоқтатуға қажет қаражат қашанда болады», - деп Әбішев қорытынды жасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22