Шымкентте үйінді астынан 18 жастағы студенттің денесі шығарылды

Мәдениет сарайы опырылып түсті

Шымкентте опырылған мәдениет сарайының үйіндісі астынан студенттің денесі шығарылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оtyrar басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, үйінді астында қалған 18 жастағы студенттің денесі бүгін шығарылды.

Айта кетейік, кеше сағат 22.30-да Шымкент құтқарушылары мен кинологтар 2005 жылы туған жасөспірімнің мәйітін үйінділер астынан жарты метр тереңдікте тапқан болатын.

«Медицина колледжінің екінші курс студенті оқиға болған сәтте ғимарат ішінде 16 және 18 жастағы өзінің екі курстасымен бірге болған. Олар нысан құлаған уақытта қашып үлгерген», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, бала ғимарат ішіне видео түсіремін деп кірген болуы ықтимал. Үйінді астында қалған студент «Орта Азия» медицина колледжінің екінші курсында оқығаны белгілі болды.

Еске салсақ, Шымкенттегі «Фосфоршылар» сарайының төбесі опырылып құлаған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02