АҚШ-тың Украинаға әскери көмек қоры 30 желтоқсанда аяқталады

Пентагон шоттарда қаражат бітетін нақты күнді алғаш рет айтты

Ануар Маратов

Егер Конгресс жаңа қаржыландыруды мақұлдамаса, Пентагон 30 желтоқсаннан кейін Украинаны қаржыландыру таусылатынын мәлімдеді. Бұл АҚШ-тың бас қорғаныс департаментінің Украинаға қатысты қаржыландырудың тоқтайтын күнін бірінші рет атаған жағдайы, деп Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пентагон Украинаға соңғы бөлінетін көмек қоры 1,07 млрд долларды жаңа қару-жарақ пен техника сатып алуға жұмсайды, деп Пентагон бақылаушысы Майкл МакКорд өз хатында жазды. Он бес күннен кейін – 30 желтоқсанда Пентагон шоттары бос болады.

«Бұл қаражат бөлінгеннен кейін министрлік Украинаның қауіпсіздігіне көмектесу үшін қолжетімді қаражат бітеді», - деп жазды Маккорд Өкілдер палатасы мен Сенаттың қорғаныс саясаты және қаражаттандыру комитеттерінің басшыларына.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша бұл хат арқылы президент Джо Байден Украинаға көмекке деп сұраған 60 млрд доллар мәселесіне қатысты тығырықтан шығу үшін конгреске қысымды күшейтеді.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Украинаның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын 60 миллиардтық көмек туралы заң жобасын АҚШ сенаты бұғаттаған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28