Мәскеуде ТМД елдерінің Үкімет басшылары кездесті

Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысады

Админ

Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды. 

Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы қарашада жабдықтардың сынама партиясын шығару, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Челябі облысының стенді аясында Қазақстанда бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, сондай-ақ су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу бойынша жобалар таныстырылды.

Санкт-Петербург стендінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау және байыту фабрикаларының техникасын жаңарту бойынша жобалар ұсынылған.

Сонымен қатар көрмені аралау кезінде Әлихан Смайылов пен басқа елдер делегацияларының басшылары Татарстан және Башқұртстан республикалары, Мәскеу облысы және басқа өңірлердің стендтерімен танысты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02