Тәуелсіздік жыр мүшәйрасында «Жас ұландар» топ жарды

Дүбірлі мүшәйраға 14 ақын қатысып, екі айналым бойынша өзара бақ сынасты

Админ

Семейдің Мәдениет сарай сахнасында «Тәуелсіздік күніне» орай, "Абай облысы Семей қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің" ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым» қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
                                                    
Аталмыш дүбірлі мүшәйраға Семейдің ЖОО-ларынан бастап мектеп, лицейден жалпы жиыны 14 ақын қатысып, екі айналым бойынша өзара бақ сынасты.

Әділқазылар алқасын өңірге танымал бірқатар "Ақын, ғалым, журналист, әдебиеттанушы" тұлғалар құрап, әуелі жас талап ақындардың өлеңдегі қадамдарына сәттілік тілеп, ұйымдастырушы тарапқа алғыс білдіріп, мүшәйра жайында ашық ойларын ортаға салып, әділ шешімдерін шығарып, барлық қатысушыларға түрлі бағалы сыйлықтар табыстай келе, «Орынды» дипломдармен, «Арнайы» жүлделер, «Алғыс хатпен» марапаттады. 

Мүшәйраға қатысушы үміткерлер бірінші айналымда тақырыптық «Тәуелсіздікке» арналған жырларын оқыса, ал, екінші айналымда өз шығармашылықтарынан «Еркін» тақырыптағы көркем ойлы, шабытты, астарлы жырларын кезегімен төкті. 

Жиылған жырсүйер қауымға, киелі Семей топырағының өнер әлемінде өзіндік даралықтары айырықша сахна саңлақтары да ерекше көңіл - күй сыйлап, сыңғырлы оркестрлік орындаушылық күй бойға асқақ сезім сыйлап, тебіреніс толқынды рухты әндер шырқалды.

«Жас Ұлан» Лицейінің 92 - топ Ұланы Ерланов Әлижан 1 - орынды жеңіп алса, 91 - взвод Ұланы Айдарбек Әлихан «Ербол Сыпатайұлы» атындағы Арнайы жүлде иегері атанды. Одан өзге Ұландар, атап айтсақ, 92 - топ Ұландары, тағылымды жырдан оқып, тамаша өнер көрсеткендері үшін - Бекұлан Алдияр, Орынбеков Ерасыл, Ғазизов Жалғастар «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Бір айта кетерлігі патриоттық және лирика, ұлттық нақыштық бағыттарда жазатын Ұландар жырларының өзге қатысушылардан ерекшелігі бірден басымырақ байқалды. Мысалға, «Егемен күн - елдігім», «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік рухты жыр тұғырында», «Тәуелсіздік тұмар жыры», «Ана», «Туған жер», «Семейім», «Домбыра» тақырыптарындағы жырлар.  

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22