Қар құрсауында қалған автокөліктерден 5 мыңнан астам адам құтқарылды

Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды

Админ

Қабылданған шаралардың арқасында қар құрсауында қалған автокөліктерден 5000-нан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігінен, Қазавтожол, жергілікті атқарушы органдардан 450-ден астам адам және 230 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде көмек көрсету үшін келген Қырғызстан ТЖМ-нің 42 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы тартылды.

Түркістан облысындағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға ТЖМ бөлімшелерінен, жол қызметтерінен, полициядан және жергілікті атқарушы органдардан 450-ге жуық адам мен 140 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Жетісу облысының жолдарында 70-тен астам адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан , Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Республикалық және өңірлік деңгейдегі жедел штабтардың жұмысы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19