Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері баспаналы болды

Жалпы ауданы 778,7 шаршы метр ғимаратта 32 пәтер бар

Админ

Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштері 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін Тәуелсіздік мерекесі қуанышты оқиғамен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер отбасыларымен бірге орналасып жатқан үй Күршімде орналасқан. Жалпы ауданы 778,7 шаршы метр ғимаратта 32 пәтер бар. 

Біз әскери қызметшілерге жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Осы мақсатта ескі ғимаратты жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталды. Нәтижесінде бүгін, міне пәтер иелеріне кілттерін табыстап жатырмыз. Әріптестерімді шын жүректен қоныс тойымен құттықтаймын, – деді ӘШҚҚ әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Асылхан Таубаев.

Әскери адамдар үшін отбасының жағдайы маңызды, сонда ғана олар жақындарына алаңдамайды. Бұл жоба бірінші кезекте әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауға арналған. 

Бүгін баспаналы болдым. Шалғайдағы әскери бөлімдерді назардан тыс қалдырмағаны және біздің әл-ауқатымызды арттыруға қамқорлық жасағаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғыс айтқым келеді. Енді біздің кең, жарық және жылы үйіміз бар. Оның үстіне жөндеу жұмыстары да жақсы жасалған, – деді әскери қызметшінің жұбайы Бақыт Камалова.

Айта кетейік, пәтер кілттерін тапсыру рәсімі мемлекеттік мереке қарсаңында салтанатты түрде өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02