Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен құттықтады

Ол Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның  2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады.

–  Бұл шешім – Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы беделі жоғары екенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Әзербайжанның тиімді және прогрессивті саясаты мен климатқа қатысты жаһандық күн тәртібіндегі асқақ мұраттарға бейілдігін мойындағанын білдіреді. Осынау ауқымды форумды көрікті Баку шаһарында өткізу Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып, заманымыздың ең өзекті міндеттерінің шешімін табуға септігін тигізетініне, сонымен қатар аймақтық сипаттағы экологиялық  мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы әзербайжандық әріптесіне COP29 конференциясын табысты әрі нәтижелі өткізу үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын айтты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19