Газа секторынан 1047 түрік азаматы эвакуацияланды

Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжу Кечели мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш

8 қазан күнінен бері Газа секторынан 1 047 түркиялықтар мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматтары және олардың туыстары эвакуацияланды. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Өнжу Кечели мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

«8 қазан күнінен бері Газа секторынан 1 047 азаматымыз, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы азаматтары мен олардың туыстары эвакуацияланды. Шекара қақпасының Мысыр жағында эвакуацияланғандарды дипломаттарымыз қарсы алды. Олардың алдымен құрлық жолы арқылы Каирге, кейін әуе жолымен Стамбұлға келуі қамтамасыз етіледі», - деп жазды Кечели әлеуметтік желідегі аккаунтында.

Кечели эвакуациялауды күтіп тұрған азаматтар тізімінің үнемі жаңартылып, тиісті органдарға хабарланғанын атап өтті.

Өнджу Кечели Түркия Газадағы барлық түрік азаматын қауіпсіз әрі тезірек эвакуациялауды аяқтауды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17