Ұлттық ұлан сарбаздары несие төлеуден босатылады

Заңгерлер кредиттік ұйымдарға барып, сарбаздардың несиесін шегеру жұмыстарын жүргізді

Нұрдәулет Кәкіш

Ұлттық ұлан сарбаздары несие төлеуден уақытша босатылады. Өткен жылдың желтоқсан айында Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы меморандумға  қол қойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыған орай, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына  қарасты 5518 әскери бөлімінің заңгерлері кредиттік ұйымдарға барып, сарбаздардың несиесін шегеру жұмыстарын жүргізді.  

«Өкінішке қарай жас жігіттер әскерге дейін «ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейдіге» салып,  несие үстінен несие ала берген. Әсіресе, микроқаржы ұйымдарынан ақша алғандардың саны басым. Егер оларды уақытша тоқтатпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан азаматтық борышын өтеуге келген жүз шақты борышкер-сарбаз  әскери бөлім заңгерлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақытша тоқтату туралы өтініш қалдырды», – дейді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев. 

Еске салайық, бұдан былай сарбаздар әскердегі 1 жыл қызметі барысында банктер тарапынан   несиелік берешекті өндіріп алу үшін борышкерлерді сотқа  беруін уақытша тоқтатады. Мерзімді әскери қызметшілер азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін ғана несиесін өтеуді жалғастырады. 

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Бүгін, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Бүгін, 10:41
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31