Қытай ауа райына байланысты Қазақстаннан жүк қабылдауды уақытша тоқтатты

ҚТЖ ҚХР теміржол өкілдерімен жүктерді қабылдауды қайта бастау туралы шұғыл кеңес өткізді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қытай Қазақстаннан теміржол көлігімен жүк қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады.

«Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамауда. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Жүк және контейнерлік пойыздар күтуге көшкен. 12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылды, күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге: 15-тен 3 құрамға дейін төмендеді.

«Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды», - делінген хабарламада.

ҚТЖ 12 желтоқсанда ҚХР теміржол өкілдерімен жүктерді қабылдауды қайта бастау туралы шұғыл кеңес өткізді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19