Жыртқыштар Қытайға, Қырғызстанға мен Ресейге ауып кетуі мүмкін
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда небәрі 99 ілбіс бар екені белгілі болды. Бұл – соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Energyprom мәліметінше, бұдан бес жыл бұрын республикадағы қар барысының саны 223-ке бас болатын.
Қар барысы мекендейтін аймақтардың көпшілігі шекаралас аумақтар. Жыртқыштар Қытайға, Қырғызстанға мен Ресейге ауып кетуі мүмкін.
Сарапшылар атап өткендей, аяқ жете бермейтін тау шатқалдарында мекендейтін барыстарды есептеу қиын болғандықтан, олар адамзат қолынан жойылып жатыр деп айтуға да болмайды. Өйткені аталған аң санының азаюына басқа себептер әсер етуі мүмкін.
Қар барысы үшін негізгі қиындық олардың мекендеу ортасына адамның антропогендік әсері болып қала бермек. Біріншіден, Алматы облысындағы таулы аймақтардың игерілуі, екіншіден, ол жерлердегі тұрақсыз туризмнің дамуы кері ықпал етіп отыр.
«Популяция азаюының тағы бір факторы барыстардың қорек көзі саналатын тау ешкілерін заңсыз аулау болуы мүмкін. Төртінші әсер ету факторы да адам әрекетіне байланысты. Барыстар мекен ететін ортаға іргелес орналасқан ауылшаруашылық жануарлары жайылып, жабайы аша тұяқтыларды ығыстырып шығара бастағанда, олардың таралу аймағы өзгереді», - дейді сарапшылар.
WWF Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстан үлесіне ілбіс популяциясының небәрі 3%-ы ғана тиесілі.