«Көмек қажет» ишарасын көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті құтқарып қалды

Оқиға 9 желтоқсан күні болды

Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

9 желтоқсанда әкімшілік учаскеде профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина Әбілқайыр хан даңғылындағы кафелердің бірінің жанында жоғары тонмен сөйлескен үш жас жігітті байқайды. Полиция қызметкерін көрген жігіттер бірден тынышталып қалған. Олардың әрекеттері инспектордың күдігін тудырады.

«Полицей оларға жақындаған кезде жас жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық сигнал – қол қимылын көрсеткенін байқайды. Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина бірден «102» нөміріне қоңырау шалады. Әріптестері келгенге дейін ол құқық бұзушыларды өз бетінше ұстауға тырысқан. Ол шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат бар екенін байқап, оларды әңгімеге тартады», - делінген хабарламада.

Осы уақыт ішінде полиция жасағы оқиға орнына жетті. Келгеннен кейін тәртіп сақшылары құқықбұзушыларды ұстады. Жастар ақшаға қатысты даулы мәселені шешкені анықталды.

Істің өзге мән-жайларын полиция анықтайды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02