Қазақстандық ғалым мұхитты зерттеуге арналған робот жасап шығарды

Су асты автономды роботы қол жетпейтін қиын жерлерде зерттеу жүргізуге арналған

Админ

Дүниежүзілік мұхиттың, өзендер мен көлдердің небары 6%-ы зерттелгендігі және ресурстардың маңыздылығы ескеріле отырып, қарастыру – заманауи ғылымның жауапты міндеттерінің бірі, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Осы мәселені оңай жолмен шешу үшін Сәтбаев университетінің «Робототехника» кафедрасында жұмыс істейтін жас ғалым, техника ғылымдарының магистрі Ермұхаммед Қалменов су айдынындағы қол жетпейтін қиын жерлерде зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін су асты автономды роботын жасап шығарды.

Су асты робототехникасын дамытудың ең негізгі қиындықтары бағаның жоғары болуына, конструкциялардың күрделілігіне, электрмен жабдықтау жүйесінің және басқару жүйелерінің қиындықтарына келіп тіреледі. 

Ал Ермұхаммед Қалменов құрастыру мен басқару жүйесінің инновациялық әдісін ұсынды, кейін оларды су асты роботтарының болашақ үлгілерінде қолдануға болады.

Оның әзірлемесі су ағыстары мен кедергілерін ескере отырып, роботты су астында тиімді және сенімді түрде жылжыту үшін, машиналық оқыту жүйесін пайдалануды қамтиды, ал робот су астына 100 метр тереңдіктен артық түсе алады.

Әзірленген роботтың артықшылығы – ол Қазақстан мен Орталық Азияның орташа тереңдіктегі су айдындарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Роботтың қаңқасы сантехникалық полипропилен құбырларынан жасалған, бұл оның өндірісін арзан етеді және басқару жұмыстары мен қызмет көрсетуін жеңілдетеді. Осыған ұқсас етіп жасалған камера роботты су астында бейне түсірілім жасауға және оператор су айдынын визуалды тексеруге пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай робот су астындағы әртүрлі нысандар мен жағдайларды көре алады, су асты рельефінің картасын салуға көмектеседі, сондай-ақ су астында тартылған құбырлардың, құрылымдардың немесе құбыр жабдықтарының ағып кетуі мен зақымдалуын анықтай алады.

Әзірлеменің ең негізгі сәттерінің бірі – автоматты басқару блогы үшін мұнда Arduino Mega тақтасы пайдаланылды, бұл оны одан сайын арзанырақ етеді және оны жөндеу жұмыстарын жеңілдетеді. Әзірлеменің барлық тұжырымдамасы су асты робототехника қиындықтарын шешуге және планетамыздың су ресурстарын одан әрі зерттеу үшін инновацияларды пайдалануға бағытталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39