Екібастұз жылу электр орталығында тағы апат болды

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр

Админ

Екібастұз Жылу электр орталығында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС-ға сілтеме жасап.

«10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭС-тің күл шығаратын құбырында ақау анықталды. Сағат 05.30-да зақым жойылды. Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды. Екібастұз ЖЭО мен Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды», - делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.

«Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі», - деді компаниядан.

Еске салайық, таяуда ғана қатты дауыл салдарынан Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалған болатын.

Ал 2022 жылдың қараша айында «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның жылу желілерінде апат болып, қалада төтенше жағдай орын алған еді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30