Жауынгерлік дайындықты нығайту: Шымкентте тактикалық-саптық жаттығулар өтті

Әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу қажет болды

Бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша тактикалық-саптық сабақтар Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Барлық әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез дайындау, оны жауынгерлік машиналар паркінен шығару және роталық колонналар қалыптасатын аймаққа көшіру қажет болды.

Сабақтар хабарлау жүйесін тексеру, жауынгерлік әзірлікті жүргізу және басқа да міндеттерді орындау барысында басқару органдарының үйлесімділігін арттыру үшін ұйымдастырылды.

«Жауынгерлік дайындық аптасы» деп аталатын бұл шара бөлімде дабыл бойынша көтерілуден басталады. Бұл бөлімнің белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындаудың нақты қабілетін тексеруге мүмкіндік береді. Сабақ барысында жауынгерлік техникаға оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу бойынша жаттығулар ұйымдастырылды.  Бөлімшелердің роталық колонналарды қалыптастыру аудандарына шығуы және басқармалардың жылжымалы пункттерін құру жүзеге асырылды. Қойылған міндеттерді орындау уақыты, әскери техниканың сақталуы мен жай-күйі тексерілді.

Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин атап өткендей, осы күзде Қарулы Күштер қатарына шақырылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері дабыл бойынша көтерілуге алғаш рет қатысты, бірақ қобалжусыз, жинақылық пен жарғы бойынша үйлесімді әрекет ету қабілетін көрсетті.

«Қызмет атқару кезінде міндеттерді лайықты орындау жоғары кәсіби даярлық пен дайындықсыз, дұрыс түсінік пен жауапкершіліксіз мүмкін емес. Қысқы оқу кезеңінің басталуы – бұл кәсіби шеберлікті арттырудың, әрбір әскери қызметшінің іскерлігі мен дағдыларын жетілдірудің кезекті кезеңі», - деп қосты ол.

Жауынгерлік әзірлікті тексеру бойынша сабақтардан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілерде жеке құрамның функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтар өтетінін атап өткен жөн.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55