Шекара дауы: Венесуэла әскерін мобилизациялау туралы шешім қабылдады

Венесуэла әскерді жұмылдыратыны және көрші даулы аймақты өзіне қосатыны туралы жариялады

Ануар Маратов

Венесуэла президенті Николас Мадуро көрші Гайанамен шекара туралы даулы референдумның нәтижелері бойынша осы елдің батыс бөлігін – Эссекибоны Венесуэланың 24-ші штаты деп жариялады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мадуро елдің қарулы күштерін жұмылдырмақ және Венесуэланың мемлекеттік мұнай концерніне табиғи ресурстарға бай дәл осы аймақта мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беруді дереу бастауды тапсырды. Ол белгіленбеген теңіз аймағында жұмыс істейтін мұнай компанияларына операцияларды тоқтатуға үш ай уақыт берді.

«Тек жақсы жолмен. Халықаралық құқықты құрметтеу, заңдарды құрметтеу, тату көршілікті құрметтеу», - деді Мадуро

Ол сондай-ақ жақын арада елдің барлық оқу орындарына Гайана-Эссекибо штатын қамтитын Венесуэланың жаңа картасы жіберілетінін хабарлады.

Венесуэла 3 желтоқсан күні Гайана-Эссекибо аймағына деген талаптарын қолдау мақсатында референдум бастады. Алдын ала нәтижелер бойынша, референдумға қатысқан венесуэлалықтардың басым көпшілігі (шамамен 95%) даулы аймақты Венесуэлаға қосуға дауыс берді.

Біз бұған дейін Бразилия әскерінің Венесуэла мен Гайана шекарасына орналастырылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02