Абай облысының оқушылары барлаушы әскери техниканың үлгісін жасап шығарды

Бұл техника әскери қауіптерге қарсы әрекет ету үшін мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға көмектеседі

Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Раджан Кадильбеков, Бекнұр Сарсембеков жоғары дәлдіктегі қарудан қорғауға арналған оқ-дәрілері бар барлаушы әскери техника үлгісін жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Техника қашықтан басқарылатын көліктің іш құрылысы мен қолданыстағы материалдардан жасалды. Оқушылар үш ай уақыт көлемінде дайындаған барлау техникасы арқылы жау туралы ақпаратты базаға жеткізуге болатынын дәлелдеп көрсетті. Жау техниканы байқаған кезде құралда жасырын түтіншесі қосылады, сол арқылы барлау жұмыстарын жасырын жүзеге асыруға болады. Түтін шығатын түтікше қашықтан қосып, басқаруға болатындай етіп орналастырылған», - делінген хабарламада.

Оқушылар жұмыстары арқылы әскерлерді озық қару-жарақты басқару жүйелерімен жабдықтауды көздеген. Авторлардың айтуынша, бұл техника әскери қауіптерге қарсы әрекет ету үшін мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға көмектеседі. Әскери броньдалған техниканы барлау жүргізу үшін және адамдарды, жабдықтарды, маңызды тыл объектілерін қорғау мақсатында қолдануға болады.

Жол талғамайтын көлік ауқымды жауынгерлік тапсырмаларды атқара алады. Сондай-ақ жаңа техниканың артықшылығы - әртүрлі климат пен температураға төзімді, электромагниттік сәуле спектрының  арқасында жасырын барлау жүргізе алады, шабуыл дәлділігі арқылы оқ-дәрілерді тұтынуы азаяды, бұл дегеніміз мемелкетіміздің экономикасына үлкен пайдасын тигізеді.

«Жас өнертапқыштар заманауи барлаушы көлікке мектеп аумағында эксперимент жасап көрген. Білім ошағы маңындағы кедергілерді анықтап, ақпарат жеткізуде нәтижелі жұмыс көрсетті. Болашақта пилотсыз басқару арқылы ақпарат алу, жау техникалары туралы мәліметті біліп отыру, әр түрлі қашықта көру азимутын бағыттап жеткізуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22