Қазақстанның 13 аймағында қар жауып, боран соғуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады

Админ
Республиканың 13 өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына Атлантикалық циклонымен байланысты атмосфералық құбылыстар әсер етеді, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды құбылыстар көбірек көрініс табады деп болжанады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығы - Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста соққан желдің екпіні 23 м/с, Жезқазғанда 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Семейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Өскеменде таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Оралда күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының шығысында, орталығы Қызылордада да тұман болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с дейін.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.

Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтөбеде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығы – Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанайда қарлы боран, түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52