Қазақстандық ғалымдар «қара сарбаз» шыбынын өсірудің жаңа технологиясын тапты

Қара шыбынның құрттарын өндірумен әлемнің көптеген елдері айналысады

Админ

Жетісулық жас ғалымдар осы арқылы пайда да тауып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҒЖБМ министрі Саясат Нұрбекке сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова «қара сарбаз» шыбынынан органикалық тыңайтқыш даярлап, Талдықорған маңындағы бірнеше шаруақожалықтарына сатып отыр. Отандық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек «Қара сарбаз» (Hermetia Illucens) шыбынын өсіру — органика қалдығын өңдеуге қолайлы ең тиімді әдіс екендігін айтады. 

Жас ғалымның айтуынша, қара шыбынның құрттарын өндірумен әлемнің көптеген елдері айналысады. Жетісу өңірі аграрлық аймақ болғандықтан мұндай тыңайтқыштың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, осы жобаны бірден қолға алған.
 
Шыбындар мен дернәсілдерді оңтайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз ету арқылы оны жыл бойы өсіруге болады. Аналығы бір мезгілде 400-ден 800-ге дейін жұмыртқа салады. Ол небәрі 14 күнде жұмыртқадан дернәсілге айналады, орташа салмағы Х 4000. Яғни, 1 грамм жұмыртқадан екі аптада 4 кг дернәсіл жинауды жоспарлап отыр. 

Дернәсілдер аминқышқылына өте бай.   Оның бірегей құрамынан фармацевтика мен косметологияда кеңінен қолданылатын хитин және меланин алуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Талдықорған қаласының маңындағы шаруа қожалықтары күнделікті 20-25 кг тірі, 10-15 кг кептірілген дернәсілдерді сатып алады. Сонымен қатар, қалған зоогумусты қаладағы ландшафтпен айналысатын фермаларға көтерме бағамен сатып жатырмыз. Сұраныс өте жоғары болғандықтан, «қара сарбаз» шыбыны  дернәсілін  күніне 1 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді жас ғалым Әйгерім Қамбарова.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52