Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмды

Олар көміртегі тотығына уланған

Алматы қаласында хостел өртеніп, 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.

«Келген бойда 1-қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды», - деп хабарлады департаменттен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Ал Алматы қаласының әкімдігі 59 адам эвакуацияланып, 3 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

«30 қарашада сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Зардап шеккендерге ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақүйлеріне орналастырылады», - делінген Алматы қаласының әкімдігі таратқан хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02