Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты қарарын қолдады

Қарар бойынша Израиль Голан биіктерінен кетуі тиіс

БҰҰ Бас Ассамблеясы Израильді Голан биіктерінен кетуге және 1967 жылғы шекараға оралуға шақырған қаулы қабылдады. Қазақстан оны қолдайтыны туралы дауыс берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Қарар бойынша, Израиль 1967 жылғы шекараға оралуы тиіс.

Қарарды 91 мемлекет қолдады, сегізі қарсы болды, 62-сі қалыс қалды. Құжатқа Қазақстан, Бразилия, Үндістан, Қытай, Сауд Арабиясы және Ресей дауыс берді. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада, Израиль және басқалар қарсы болды.

Бас ассамблея қарарларының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарларынан айырмашылығы – міндетті күші жоқтығында.

Айта кетейік, Голан биіктігі – Таяу Шығыс жеріндегі аймақ. Қазір оның басым бөлігін Израиль, ал шығыс бөлігін Сирия басқарады. Голан биіктігі туралы заң 1981 жылы 14 желтоқсанда Кнессет (Израильдің бір палаталы заң шығарушы органы) ратификациялады. Бірақ бұл әрекет халықаралық деңгейде сотталды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1981 жылғы 17 желтоқсандағы №497 қарарына сәйкес жарамсыз болып саналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19