Ауа райы болжамы: Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады

Мұндай қыс 20 жылдан бері болмаған

Синоптиктер болжамы бойынша биыл елімізде қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан бері болмаған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған. Алайда, бұл мүлде аномалия емес. Консультативтік-маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, 2023-2024 жылдардағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыстың сценарийіне сәйкес келеді. Яғни жауын-шашын нормаға жақын немесе одан да көп болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

РМК мәліметінше, суық кезеңде республика аумағында Атлантикалық аймақтардан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі қозғалуы күтіледі. Алдағы қыста Қазақстан аумағында температуралық фон 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанған. Тек желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан бір градусқа төмен болатыны күтіледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19