Абай және Павлодар өңірлерінде адамды құлдыққа жегу фактілері тіркелген

Абай және Павлодар өңірлерінде адамды құлдыққа жегу фактілері тіркелген

Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов Абай және Павлодар өңірлерінде адамды құлдыққа жегу фактілері тіркелгенін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Абай облысында полицияға 1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Сол мәліметті тексеру кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі адамды ұстады. Олар жәбірленушінің байланыс құралын тартып алып, өзін алдап-сулап Семейден алып шыққан. Қаладан 200 шақырым жердегі шаруа қожалықта еңбекке салған.

Ер адамды ол жерде 3 апта бойы еркінен тыс ұстаған және үй шаруасына жеккен. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша тіркелді. Зардап шеккен адам туысқандарына қайтарылды», - деді департамент бастығы.

Спикердің сөзінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары Павлодар облысында да еңбекке мәжбүрлеп тартудың жолын кескен.

«1987 жылы туған ер адамды күш қолданамыз деп қорқытып, жақындағы елді мекеннен 60 шақырым жердегі аңшы үйіне алып кеткен. Оның мойнына қарыз іліп, екі жыл бойы еңбегін қанаған. Қазір еңбегін қанау мақсатымен адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Зардап шегуші туыстарына қайтарылды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге салтанатты түрде шығарып салды

Бүгін, 17:37
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04