Жолаушыларды апаттан аман алып қалған оқушыға айфон берілді

Мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды 

Админ
Алматы облысында 8-сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

24 қараша күні Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Марат Сұлтанғазиев өзінің әрекетімен ауыр оқиғаның алдын алған жас батырды құттықтады. 22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды. 

Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген.

№24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқитын кейіпкеріміз Ақжол - мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, сыныптастары мен кіші балаларға көмектесуге әрқашан дайын. Ақжол ортасымен тез тіл табысатын, ашық бала. 

Ерлігі үшін 8- сынып оқушысы Ақжол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.

Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз, - деді Алматы облысының әкімі. 

Сондай-ақ Сұлтанғазиев бұл іс ерлік пен батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін атап өтті. 

Ақжол «нағыз батыр», шынында да жақсы ата-ананың жақсы бала тәрбиелейтінін дәлелдеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52