Финляндия мен Ресей шекарасы жабылуы мүмкін бе?

Тамыз айынан бері Ресейден Финляндияға құжатсыз үшінші елдің 803 азаматы кірген

Ануар Маратов

Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо Парламент алдында Финляндияның шекара қауіпсіздігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Yle фин мемлекеттік телерадио компаниясына сілтеме жасап.

«Бұл ұйымдастырылған әрекет. Сондықтан бұл жерде ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұр», - деді ол.

Премьер-министр үкіметтің шекара бекеттерін жабу туралы шешімі Оңтүстік-Шығыс Финляндия мен Солтүстік Карелиядағы жағдайды реттеуге мүмкіндік бергенін, бірақ баспана іздеушілердің кіруін тоқтатпағанын атап өтті.

«Керісінше, жағдайдың нашарлауының белгілері артып келеді», - деді Орпо.

Сонымен қатар Орпо егер қолданыстағы шектеулер жағдайды жеңілдетпесе, үкімет қосымша шаралар қабылдайтынын айтты.

Қорғаныс министрі Антти Хаккиненнің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік жағдайы нашарлады.

«Бұл жақын арада жақсармайтыны анық және Ресей көптеген күрделі күрделі мәселенің артында тұр», - деді ол.

Орпоның сөйлеген сөзі Парламентте қызу пікірталас тудырды.

Парламенттік Қорғаныс комитетінің төрағасы, «Коалициялық партияның» депутаты Юкка Копра өз сөзінде шығыс шекарасы жақын арада толығымен жабылуы керек екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының ортасынан бастап Финляндия мен Ресей шекарасындағы шекара бекеттерінде құжатсыз босқындар саны күрт өскен. Олардың көпшілігі Таяу Шығыс елдерінен барған.

Ұқсас көші-қон дағдарысы 2021 жылдың жазынан бастап Польша мен Беларусь шекарасында жалғасып келеді. Сол кезде Таяу Шығыс елдерінен көптеген босқындар Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан. Польша Минск пен Мәскеуді жасанды көші-қон дағдарысын жасады деп айыптап отыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери тәртіп жайы қаралды

Бүгін, 10:52
Админ
  • Басты назарда

ТӘРБИЕШІ-ОФИЦЕРЛЕР БАСҚОСУЫ

Кеше, 16:47
  • Басты назарда

Командирлік дайындық пысықталды

Кеше, 14:51
  • Басты назарда

«Балдәурен» орталығына аттанды

Кеше, 10:50
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

27/11/2024 - 15:44
  • Басты назарда

Біз – Жеңіс жолының жалғаушысымыз!

27/11/2024 - 13:59
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

26/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

26/11/2024 - 10:27
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54