Курчатовтық командир «Ұлттық ұлан үздігі» атанды

Кіл үздіктер бас қосқан байқауда офицерлер «үздік батальон командирі», «үздік штаб бастығы», «батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» аталымдарын өзара сарапқа салды

Админ

Жеке құрамды жетілдіру мақсатында қазақстандық әскери бөлімдерден іріктелген 30 офицер мен 14 сержант өзара сайысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кіл үздіктер бас қосқан байқауда офицерлер «үздік батальон командирі», «үздік штаб бастығы», «батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» аталымдарын өзара сарапқа салса, сержанттар құрамы «үздік взвод сержанты, «үздік бөлімше командирі»  атану жолында жан алып, жан берісті.

«Байқау барысында олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдау тәсілі, жалпы әскери жарғылар және дене шынықтырудан сынақ тапсырды. Сонымен қатар  атыс алаңында  әртүрлі позициядан  белгілі бір нысанаға оқ жаудырды», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Еркен  Жанабергенов.

Сайыс қорытындысы бойынша 3514 әскери бөлімінің арнайы комендатурасының коменданты, майор Елдос Исин қаруластарынан оқ бойы озық болып,  «үздік батальон командирі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.   

«Мен бұл байқауда екінші рет өз бағымды сынап тұрмын. Бүгінгі жеткен жетістігіме  қуаныштымын. Сын-сайыста бәсекелестік тудырған  5518 әскери бөлімінің намысын қорғаған әскери қызметші  болды. Алайда жарыс барысында өзімді қамшылай түстім.  Нәтижесінде, міне, үздік атандым», - деді 3514 әскери бөлімінің  арнайы комендатурасының коменданты,  майор Елдос Исин.

Сайыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар табысталды. Ұлттық ұланның батальондық бөліністегі офицерлерінің кәсіби шеберлігін тексеру бойынша ұйымдастырылған байқауда алдыңғы санаттан көрінгендер  келесі жылы қаңтар айында өтетін сайыстың үшінші  кезеңіне жолдама алды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53