ҚР әскери қызметшілері Данияның әскери нысандарына инспекция жасады

Бұл 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде жүзеге асты

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің өкілдері Дания Корольдігінің аумағында инспекция жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Инспекцияланатын ауданда алдын ала хабарлауға жататын әскери қызметтің, ірі әскери оқу-жаттығулардың бар-жоғын тексеру үшін қазақстандық әскери сарапшылар инспекцияланатын ауданның үстімен ұшып өтті.

Дания Корольдігі Қарулы күштері Құрлық әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің әскери нысандарына барған кезде Вена құжатының ережелеріне сәйкес инспекторлар армияның ұйымдық құрылымы, жеке құрамның саны, қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы бөлім қолбасшыларынан толық ақпарат алды.

Инспекция ынтымақтастық пен транспаренттілік жағдайында өтті. Қазақстанның инспекциялық тобы Вена құжаты шеңберінде халықаралық міндеттемелердің толық орындалғанын растады және инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін Дания Қарулы күштерінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

Кеше, 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09
  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

11/04/2025 - 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

11/04/2025 - 14:39