Қазақстан армиясында ұшқышсыз ұшатын қандай ұшақтар қолданылады?

Олар қандай тапсырмаларды орындайды?

2015 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштері ұшқышсыз ұшатын аппараттардың үш түрімен – тактикалық (Skylark), барлау және соққы беру (Anka, Wing Long), арнайы (Бусель, Орлан) құралдарымен қаруланған. Бұл туралы ҚР ҚК Бас штабының ұшқышсыз авиациялық жүйелерін дамыту және қолдану департаментінің бастығы Решат Ескендіров Dalanews.kz-ке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Тактикалық ҰҰА 40 шақырым биіктікте әуе барлауын жүргізу үшін, барлау-шабуылдық ұшқышсыз ұшу аппараттары – әуе барлауын жүргізу және зымырандармен, бомбалармен жоғары дәлдіктегі соққылар беру үшін, арнайы инженерлік, химиялық барлау, бақылау және автография жүргізу үшін қолданылады. Сонымен қатар 3D жер бедерін модельдеу, сондай-ақ электронды соғыс үшін де пайдаланылады», - деді Решат Ескендіров.

Сонымен қатар ол ұшқышсыз ұшу аппараттары әскери оқу-жаттығулар кезінде түрлі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жедел-тактикалық жаттығуларда қолданылатынын атап өтті.

«Коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі кезінде ҚР Қарулы Күштерінен ҰҰА экипаждары тартылды. Олардың көмегімен 80-ге жуық заңбұзушылық, оның ішінде адамдардың рұқсатсыз өтуі және карантиндік аймақтардан тыс көліктердің жүруі анықталды. Бұған дейін Қазақстан Қарулы күштері «Сұңқар» ҰҰА бойынша операторлар байқауын Армия халықаралық ойындарына қосу туралы бастама көтеріліп, онда қазақстандық жауынгерлер сөзсіз бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанған болатын. Осының барлығы біздің елімізде қарудың осы түрінің сәтті қолданылып, дамығанын растайды», - деді ҚР ҚК Бас штабының ұшқышсыз авиациялық жүйелерін дамыту және қолдану департаментінің бастығы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19