Италия елінде үлкен дау: 22 жастағы студентті бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы жағдай Италияда да болды

Нұрдәулет Кәкіш

Италияда 22 жастағы студент Джулия Чекеттиниді бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді. Бұл қайғылы оқиға итальян қоғамына төбеден жай түскендей әсер етті. Үкімет пен қоғам мұны әйелдерді қасақана өлтіру – фемицид деп атап, мейілінше наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі KazUnite порталына сілтеме жасап.

«Екі қыз баланы бірін – Астанада, екіншісін – Венеция маңында өздері сенген, арқа сүйеген жақындары асқан жауыздықпен өлтірген. Екі оқиға да екі елді дүр сілкіндірді. Бірақ екі ел – екі әлем... Егер Салтанат Нүкенованың өліміне кейбір қазақ блогерлері әйелдің өзін кінәлі етуге тырысса, Италияда ең алдымен танымал ер адамдар әйелдерді өлтіру масқара жағдай екенін айтып, дабыл қақты», - деп жазды мақала авторы.

KazUnite порталының хабарлауынша, Италияның вице-премьері, Сыртқы істер министрі Антонио Таяни ерлер атынан Италия әйелдері алдында кешірім сұрады. Ал премьер-министр Джорджия Мелони әйелдердің өлтірілуін «төзуге болмайтын ауытқушылық» деп атап, «варварлықты тыю» керектігін мәлімдеді. Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы ақпараттық компания жарияланды. Бірнеше күнде сенім телефонына хабарласушылар екі есе артқан.

Италиядағы бұл оқиғаға қатысты қазір ел ішінде танымал ерлер қатары ашық пікір білдіріп жатыр.

«Сүйкімді ханзаданың кейпіндегі сүмелек қорқақтарға енді төзуге болмайды», - деп ашуға ерік берген футболдан Италия құрама командасының бас бапкері Лучано Спаллетти: «әйелдер еркіндігіне қол сұғатын кез келген адамнан араша болу қажет», - деді.

«Мәселе – ерлерде» деген танымал италиялық футболшы Клаудио Маркизио оларды жауапкершілікке шақырды.

Сенат арнайы заң жобасына кіріскен. Мектептерде қарым-қатынас пән ретінде оқытылу қарастырылмақ.

Қазіргі уақытта Италияда жаппай наразылық акциялар мен пикеттер жалғасуда. Университеттерде, мектептер мен концерттерде бір минуттық үнсіздік жариялануда. Ең үлкен шеру Римде 25 қарашада халықаралық гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсылық күні өтеді.

«Ереуілге шыққандар арасында күдікті жігіттің ата-анасы да бар. Олар жүректері қарс айырылып, ұлының заң алдына жауап беретінін айтуда.  Джулия 60 млн халқы бар Италияда – жыл басынан бері өлтірілген 105-ші әйел. Халқы бұл елден үш есе аз Қазақстанда қанша әйел серігінен соққы алды, мүгедек болды, қайтыс болды, ол туралы нақты ақпарат жоқ. Әйелге қарым-қатынас – сол қоғамның айнасы», - деп жазды автор.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59