Газа секторында қанша қазақстандық қалды?

Бүгінге дейін 99 адам Қазақстанға жеткізілді

Газа секторынан 17 Қазақстан азаматы түрлі себеппен кетуден бас тартты. Олар отбасы мүшелерімен бірге қалуды жөн көрген. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР СІМ орынбасарының айтуынша, эвакуация кезінде Газа секторында 161 қазақстандық болған. Олардың 99-ы ұшуға ниет білдіргендіктен, ҚР СІМ қажетті мүмкіндікті ұсынды.

«Біздің елдің бірқатар азаматы, яғни 17 адам, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері әртүрлі себеппен эвакуациядан бас тарту туралы шешім қабылдады. Тек елге қайтуға келіскендер ғана Қазақстанға жеткізілді», - деді Қ. Омаров.

Ол алдағы уақытта қазақстандықтар ұшып кетуге ниет білдірсе, олармен құзырлы органдар жұмыс істейтінін айтты.

«Кейбір азаматтың қолында билеті дайын, олар ұшып шыққысы келіп отыр. Олармен Мысырдағы, Иорданиядағы, Израильдегі өкілдіктеріміз жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыға Газа секторында болған қазақстандықтар мен олардың отбасыларымен бірге эвакуациялық рейс келген болатын. Ұшақ бортында 99 адам болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Кеше, 21:20
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31