Алматыда аса ірі көлемде есірткі таратқан жұп ұсталды

Олардан ұнтақты зат салынған бума, 100-ге жуық байлам, электронды таразылар табылды және тәркіленді

Алматыда екі азамат аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматының Әуезов ауданында түнгі уақытта арнайы іс-шара жүргізді. Жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталғандай, синтетикалық мефедрон есірткі затын заңсыз сақтаған және сатқан 2002 жылы туған Е.есімді азамат және оның серігі 2002 жылғы А.есімді азаматша ұсталды. Шөпті жеткізу үшін жұп Hyundai көлігін пайдаланған.

Жедел деректерге сәйкес, олар Алматы қаласы мен Алматы облысында жасырын қойып кетумен айналысқан. Жеке тінту кезінде күдіктілерден сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша жалпы салмағы 41,75 грамм болатын 56 байлам тәркіленді. Ал жастардың тұрғылықты жерінен ұнтақты зат салынған бума, 100-ге жуық байлам, электронды таразылар табылды және тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Ұсталған 21 жастағы күдіктілер Алматы қалалық ПД УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02