СҚО-да С.Нұрмағамбетовтің жеке заттары көрмеге қойылды

Қарулы күштердің мұражайы келушілер аудиториясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Петропавл өлкетану мұражайына Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен қызметі туралы жәдігерлер қойылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойына арналған «Батыр халық жүрегінде» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.

Көрменің ашылуына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Марат Кәрімов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары Санат Әубәкіров, Ұлттық ұлан академиясы бастығының орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары қатысты.

«Экспозицияда Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған жеке істің көшірмесі, бірінші нөмірлі Алтын Жұлдызы бар «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Президент Жарлығы, генералдың әскери киімі және Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың фотосуреттері ұсынылған. Көрмеге келушілер Ұлы Отан соғысынан мол мағлұмат ала алады», – деп түсіндірді Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Ләззат Әлжан.

Қарулы күштердің мұражайы келушілер аудиториясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондықтан келесі жылы бұл іс-шара еліміздің оннан астам қаласында жалғасын таппақ.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19