Әскери қылмыстық ізге түсу органдарында есепке алу-тіркеу тәртібі белгілі болды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы: «Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңды нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел».

Қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтары мен олардың сақталуы қылмыстық ізге түсу аясына негізсіз тарту секілді көпқырлы аспект, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдау барысында қылмыстық ізге түсу органдарымен азаматтардың  құқықтарының сақталуы өзекті мәселе болып саналады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ел Президенті әу бастан адам құқығын қорғау саласын қашанда жеке-дара бөліп қарап, бұл бірінші кезектегі мәселеге айналды.

ҚР Бас Прокурорының әскери департаментінің мәліметіне сүйенсек, қылмыстық қол сұғушылықтан зардап шеккен азаматтар құқық қорғау органдарына өз құқықтарының қорғалуы үшін жүгінеді.

«Осыған дейін қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері өтініштерді қабылдамау немесе оларды тиісті қараусыз қалдыру фактілеріне жол берген жағдайлар болған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаменті  Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу Қағидасы талаптарының әскери қылмыстық ізге түсу органдарымен сақталуына тұрақты түрде қадағалау-бақылау жүргізеді.

Қазіргі таңда қадағалау сипатында жүргізілген тиісті шаралармен жоғарыда қалыптасқан теріс тәжірибе құрдымға кетті деуге болады. Ал ондайға жол берілген жағдайда, шұғыл түрде прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды адамның тәртіптік жауапкершілік мәселесі көтеріледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Егер әскери қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарды сізден қабылдаудан бас тартқан жағдайда, әскери департаментке (+7 7172) 32-42-96 сенім телефоны арқылы немесе әскери прокуратуралардың ғимаратында орналасқан әскери департаменттің аумақтық өкілдеріне жүгінуге болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22