Ұлттық ұланның әскери бөлімі 80-нен астам жас сарбазмен толықты

Жас толым үшін Отан алдындағы борышты өтеу – алға қойған алғышарттардың бірі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөліміне келген жас толымның алғашқы  легі Алматы облысы мен Алматы қаласынан шақыртылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскер қатарына жаңадан келген сарбаздарды жауынгерлік өмірге бейімдеу қажет. Ол үшін әскери психолог мамандар әскерге келген әр сарбазбен жеке әңгімелесулер жүргізіп жан-жақты зерделеп, әрі қарай әскери өмірдің  қыр-сырын үйрету мақсатында взвод командирлеріне табыстайды.

«Еліміздің бес облысынан әскери бөлімге келетін 2-2023 жылғы шақырылым сарбаздарының саны 200-ден астам болады. Жас толымның алғашқы легін теміржол вокзалынан оркестр әуенімен қарсы алдық. Жас толықтырушыларды әскери бөлім басшылығы, оқу пунктінің әкімшілігі салтанатты түрде күтіп алды. Оларға әскери бөлім алдында қойылған міндеттері жеткізіліп, бөлім  тарихы мазмұнды түрде баян етілді», - дейді 5518 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Серік Ноғаев. 

Сарбаздарды зерделеу кезінде басты назар білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиеттеріне аударылады. Жоспарға сәйкес, жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтеді. Жас толым үшін Отан алдындағы борышты өтеу – алға қойған алғышарттардың бірі.

«Мен әскерге өз еркіммен келдім. Отан алдындағы борышымды өтеу барысында ең маңызды қасиеттер – төзімділік, тәрбие және де адалдық», - дейді қатардағы жауынгер Ерасыл Молдахметов.

Әскери борышын өтеуге келген сарбаздар алдағы бір жыл қызметтері барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді. Ол үшін алдағы бір жыл ішінде тынбай тер төгіп, толықтай әскери өмірді бастан өткеруі тиіс.

Айта кетейік, жас сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі желтоқсан айының  соңына жоспарланған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22