Әскери медицинаны дамыту үшін не істеу керек?

Кадрлық қамтамасыз ету және әскери медицина мәртебесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Бас әскери-медициналық басқарма бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылдың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға күштік ведомстволар әскери-медициналық бөлімшелерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «СК-Фармация» ЖШС мамандары қатысты.

Іс-шараны ашқан медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл денсаулық сақтау жүйесінің халықтың денсаулығын сақтаудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, қолда бар тәжірибені ескере отырып, әртүрлі ведомстволардың өкілдеріне әріптестерімен бөлісетін көптеген мәселелердің бар екеніне сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, инфрақұрылымдық даму, материалдық-техникалық жарақтандыру және медицина саласын цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шет мемлекеттерге кететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, медициналық сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, әскери қызметшілерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кадрлық қамтамасыз ету және әскери медицина мәртебесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19