Террорлық топтың мүшесі болған қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды

Ол 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген

Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қзыметі хабарлағандай, күдікті радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген.

«Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл мамыр айында ол Болгария аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды», - делінге ведомство хабарламасында.

Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

Оған айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02