Әскери қаржыгерлер марапатталды

Әскери қаржыгерлер ұлттық валюта күнін атап өтті

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға Экономика және қаржы, Ішкі аудит департаменттерінің, Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының, Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының, Ақмола гарнизоны қаржы қызметтерінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов қатысушыларды қаржыгерлер күнімен құттықтады. Ол Қазақстан әскерінің қаржылық қамтамасыз ету жүйесі мен заңнамалық негіздерін құруға және лайықты ізбасарларды тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің шешуші рөлін атап өтті.

«Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің нышандарының бірі – теңгемізге 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде қаржы қызметінің мамандары Қарулы күштердің тыныс-тіршілігін қаржылық қамтамасыз етудің отандық жүйесін қайта құрып, қалыптастыра алды. Оны одан әрі дамыту мемлекеттің әскери ұйымын жетілдіру, оның әлемдегі геосаяси жағдайға, елдің қазіргі экономикалық ахуалы мен ресурстық мүмкіндіктеріне байланысты өзгерістерге дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді», – деді министрдің орынбасары.

Салтанатты кеште кәсіби қызметте үздік нәтиже көрсеткен қаржыгерлерді марапаттау рәсімі өтті. «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен Қару-жарақ бастығы басқармасы қаржы басқармасының бастығы майор Серік Нұрсадықов және 40398 әскери бөлімінің бухгалтері кіші сержант Надежда Мануйлова марапатталды. Әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдеріне грамоталар табыс етіліп, Қорғаныс министрінің атынан алғыс жарияланды. Үш офицерге мерзімінен бұрын кезекті әскери атақ берілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы отандық және шетелдік монеталар көрмесін ұйымдастырды. Бұл іспен жарты ғасырдан астам уақыт айналысып келе жатқан белгілі коллекционер Қайырбек Рамазанов бірегей экспонаттарын ұсынды.

Мерекелік іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19