Таразда 11 жастағы бала мектепке «лаңкестер шабуыл» жасады деп хабарлаған

Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл қарастырылған

Таразда 11 жастағы бала әзілдеймін деп әпкесінің телефонынан полицияға қоңырау шалып, лаңкестердің мектепке шабуыл жасағаны туралы айтқан, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, қоңырау түскен бойда барлық шұғыл қызметтер көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді. Тексеру нәтижесінде қандай да бір заттар мен бөгде адамдар анықталған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары бұрын осы мектепте оқыған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Психологтың, ата-анасының және мұғалімнің қатысуымен жүргізілген әңгімелесуде кәмелетке толмаған бала әпкесінің ұялы телефонынан қоңырау шалып, қалжыңдамақ болғанын жеткізген.

Осы факті бойынша ҚК-нің 273-бабымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ретте терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін жаза өте қатаң, бұл бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы.

Егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59