Қасым-Жомарт Тоқаев: Кез келген қайшылықты БҰҰ Жарғысына сай шешуге болады

Ол әлемдегі ахуалға байланысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Известия» басылымына берген сұхбатында әлем елдерінде болып жатқан қақтығыстар туралы айта келе шешім жолдарына да тоқталып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол өз сөзінде заманауи көпполярлы әлемді қалыптастыру үдерісі тым ауыр жағдайда өтіп жатқанын, дүниежүзінің әр қиырында қақтығыстар, санкциялық текетірестер, сауда соғысы өршіген жағдайда болашаққа сеніммен қарау да қиын екенін айтып өтті.

«Парасат пен ынтымақ жікке бөліну мен өзімшілдіктен үстем боларына сенімдімін. Әлем тарихында мұндай мысалдар жеткілікті. Түптеп келгенде, жаһан жұрты ұзақмерзімді бейбітшілік орнайтын күнге жетеді. Ол үшін мынадай екі шарт міндетті түрде орындалуға тиіс. Атап айтқанда, өзара ымыраға дайын болу және халықаралық құқық нормаларын сақтау. Мұның екінші бөлігі – Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі ұстанымы», - дейді Президент.

Ол өз сөзінде қақтығыстар реттелуі үшін БҰҰ нормаларын сақтау керек екенін айрықша атап өтті.

«Кез келген қайшылықты БҰҰ Жарғысының нормалары мен қағидаттарына сай шешуге болатынына кәміл сенемін. Бұл құжатты әлемдік қоғамдастық адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстан кейін қабылдады. Мұндай қасірет енді қайталанбауы үшін халықаралық аренада бәріне түсінікті, ортақ ойын ережесі қабылданды. Бұл ізгілік пен адамгершілік қағидаттарының зор жеңісі еді. Әзірге әлем қақтығыстарды еңсерудің бұдан артық тәсілін ойлап тапқан жоқ.

Жер көлемі, қуаты мен экономикалық әлеуетіне қарамастан, барлық мемлекет тең. Халықаралық құқық ешқандай бұра тартусыз, теңдей және бәріне бірдей қолданылады.

Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, халықаралық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаған сәттен бастап, әлемде тепе-теңдік қайта орнайды деп санаймын. Бұл формула саяси жүйелер үшін де, қазіргі замандағы экономикалық, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуде де өзектілігін жоймайды», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53