Қазақстан мен Түркия 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды

Анкарада қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар кездесулер өткізіп, әскери нысандарды, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мекемелері мен кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл күндері Түркия Республикасының құрылғанына жүз жыл толуына орай шаралар өтіп жатыр. Осы орайда қазақстандық делегация басшысы «Анытқабір» мемориалдық кешенінде Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлермен келіссөздері өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен алдағы мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге ІІМ жандармериясының бас қолбасшысы армия генералы Ариф Четинмен және Түркия Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гергюнмен кездесулер өтті.

Құрлық әскерлерінің әскери училищесінде ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы осы оқу орнында оқитын қазақстандық курсанттармен кездесті. Министр курсанттардың оқуы, олардың бос уақыттары мен тұрмыс жағдайларының ұйымдастырылуымен танысты. Қорғаныс министрі оларға әскери пәндерді игеруде табандылық тіледі. Оқу орнында алған білімдері мен дағдылары алдағы қызметтеріне сенімді негіз болатынын атап өтті.

Қазақстандық делегация сонымен қатар авиациялық техника мен ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар шығаратын Turkish Aerospace Industries – TUSAŞ Aerospace Industries біріккен компаниясына да барды.

Кездесу қорытындысы бойынша Түркия мен Қазақстан арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов атап өткендей, Қазақстан мен Түркияны екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамуының кепілі болып табылатын берік тарихи және мәдени байланыстар біріктіреді. Қазіргі уақытта екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында әскери ғылым, білім беру, жауынгерлік дайындық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында өзара іс-қимыл жолға қойылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22