Бүгін – әскери журналист күні

Мақалалар, репортаждар мен сұхбаттар ведомстволық басылымдарда жарияланады

Бұл кәсіби мерекенің тарихы 1929 жылғы 7 қарашада «Қызыл әскер» республикалық әскери газетінің алғашқы нөмірінің жарыққа шығуымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бүгінде қоғаммен байланыс және Қарулы күштердің тыныс-тіршілігі туралы азаматтарды кеңінен хабардар етуді Қорғаныс министрлігінің, Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің, жоғары оқу орындарының және гарнизондық баспасөз қызметтерінің әскери ұжымы жүзеге асырады.

Олардың қызметінің арқасында министрліктің сайтында, Telegram, Instagram, YouTube және TikTok әлеуметтік желілерінің аккаунттарында күн сайын Қазақстан әскерінде болып жатқан оқиғаларға қатысты жаңалықтар мен хабарламалар уақытылы жарияланып тұрады.

Материалдардың кеңейтілген нұсқалары, яғни мақалалар, репортаждар мен сұхбаттар «Сарбаз» газеті, Sarbaz.kz порталы және «Айбын» журналы секілді ведомстволық басылымдарда жарияланады.

Әскери журналистердің назары ресми, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға, әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен оқу-жаттығуларына, беделді жарыстарда, фестивальдар мен конкурстарда армия мүшелерінің өнер көрсетуіне бағытталған.

Әскери журналистердің еңбегінің арқасында кең ауқымды оқырман, телевизиялық және интернет-аудитория әскери қызметтің ерекшеліктерімен, Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік жобаларымен және Отан қорғаушылардың күнделікті өмірімен нақты танысып келеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19