Бүгін 13 өңірінде тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Админ

Қазгидромет синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

5 қарашада Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында және Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді

Абай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында — тұман, көктайғақ. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында жылдамдығы — 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында жел екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман болады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.  

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19