Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлері арнайы дайындықтан өтті

Олар «Тактик» біліктілігін арттыру курсын аяқтады

Бағдарлама кіші командалық буынның офицерлеріне арналған. Жоғары лауазымдарға тағайындалуға үміткер барлық офицерлер осы біліктілікті арттыру курсынан өтеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Курсты дайындау қазіргі әскери қақтығыстардың әдіс-тәсілдерін ескере отырып ойластырылған. Сабақтардың тақырыптары Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына негізделіп жасалған және әскерлер қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің нұсқауларына сәйкес әзірленген.

Биыл бұл курстық дайындықтан өткен Қарулы Күштер Десанттық-шаубылдау әскерлері құрамалары мен бөлімшелері офицерлерінің екінші жиынтығы. Бұған дейін де әскери қызметшілер Құрлық әскерлерінің әскери институтында жалпы курс өткізген.

– Бағдарлама біраз ерекшеліктерді қамтыған. Ең алдымен, мұнда әскерлердің өздеріне тән ерекшеліктерін, әуедегі қарсыласты құртудың, объектіге жақыннан не алыстан десант түсірудің жаңа тәсілдері ескеріледі. Офицерлер де күнделікті іс-әрекетте жиі кездесетін көптеген практикалық мәселелерді үйренеді, – деді курс жетекшілерінің бірі әскери ғылымдар кандидаты, соғыс ардагері, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі кеңесшісі запастағы полковник Сабырбек Байзақов.

Он күндік алғашқы пилоттық курс сәуір айында өткен болатын. Бағдарламаны, оның ішінде дәрістерді тыңдаған офицерлердің пікірлері мен ұсыныстарын талдағаннан кейін курсты пысықтау жөнінде шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда «Тактик» курсы тактикалық, барлау, медициналық дайындық бойынша 150 сабақты немесе 300 сағаттан астам уақытты қамтиды. Одан бөлек, әскери топографияны, байланысты, техникалық, тылдық және инженерлік қамтамасыз етуді, әскери қызметшілердің отбасыларымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты зерделеуге де жеке сағаттар бөлінген. Заң мәселелерін қамту кеңейтіліп, взвод, рота және батальон сержанттары құрамының жұмыс ерекшеліктерін зерделеу сағаттары қосылды.

Курс бағдарламасын рота командирлері, командирлердің орынбасарлары және батальон командирлері лауазымдарына үміткер 40-қа жуық кандидат сәтті өтті.

Курс соңында офицерлерге тиісті сертификаттар мен төсбелгілер табысталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Бүгін, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Бүгін, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кеше, 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19