Мәжіліс депутаты әскери қызметшілерге кредит алуға мораторий енгізуді ұсынды

Ол бұл туралы БАҚ өкілдеріне жауап беру барысында айтты

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков сарбаздарға кредит беруге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әскери қызметшілерге келсек, кредит алуға мораторий енгізуді ұсынамыз. Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты болып отыр. Яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз әскер сарбаздарды тиісті деңгейде қамтып отыр деп сенеміз. Сондықтан олардың кредит алуына негіз жоқ», - деді Ерлан Стамбеков БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «Кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Үкіметтің қорытындылары талқыланды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19