Қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған: Ресей азаматы Астана әуежайында ұшақтан түсірілді

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Қазақстанда авиарейстерден 500 тәртіп бұзушы түсірілді. Олардың басым бөлігі мас күйде пайда болуына, темекі шегуіне, бұзақылыққа байланысты ұшақтан түсірілген, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Осындай 537 фактінің ішінде бортта темекі шеккені үшін рейстен 179 жолаушы, мас күйінде жүргені үшін – 256, ұсақ бұзақылық үшін – 41 жолаушы түсірілді. 

Мәселен, Ыстанбұл-Астана қатынасымен әуе рейсінің ұшуы бойынша құқық бұзушы түсіріліп, Астана қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды. Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ дәретханасында электронды темеккен Ресей Федерациясының 31 жастағы азаматын анықтады», - деп хабарлады көлік полициясы департаменті.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК немесе 172 500 теңге айыппұл салынды.

Ведомство бортта темекі шегуге қатаң тыйым салынғанын еске салды, өйткені ұшақта болмашы ұшқыннан да өртеніп кетуі мүмкін жанғыш материалдар жеткілікті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19