Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді

Ант қабылдау рәсімі бір минут үнсіздіктен басталды

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді. Әскери ант беру іс-шаралары Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде бір мезетте өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

2023 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған 1200-ден аса жас жауынгер Отанға адал болуға ант берді. 

Ант қабылдау рәсімі бір минут үнсіздіктен басталды. Әскери бөлімдердің қолбасшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен жас сарбаздар Қарағанды облысындағы И.Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алып, аза тұтты. 

«Біздің әскери бөлімде 250-ге жуық жас сарбаз ант берді. Олар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті. Осы уақыт аралығында қару-жарақпен және қарусыз саптық дайындық элементтерін, қоян-қолтық ұрысы техникасын үйренді. Көздерін байлап, қаруды бөлшектеу мен құрастыруға машықтанды. Біз мұның бәрін салтанатты рәсім барысында ата-аналарға көрсетуді жоспарлағанбыз. Ант беру рәсіміне Қазақстанның жеті облысынан ата-аналар келді. Сол себепті бұл іс-шараны кейінге шегермей, ешқандай салтанатсыз өткізу туралы шешім қабылданды», - деді Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасының командирі подполковник Данияр Карманов. 

Әскери ант берген соң жас сарбаздар өздері  бір жыл бойы қызмет атқаратын әскери бөлімнің алаңымен жүріп өтті. 

Әскери бөлімдердің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, оларға ұлдарының қалай қызмет ететіні, қандай бөлімшелерге бөлінгендігі туралы ақпараттарды жектізді. Іс-шара соңында жас сарбаздар туыстарымен және жақындарымен алғашқы сейілдемеге аттанды. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30