Түркістан облысында көлікке жалған нөмір жасайтын цех анықталды

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты 

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралдары үшін жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз дайындаған цехты анықтады. 

Мәселен, Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін деген күдік туды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша, олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді. 

Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. 

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден аса голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты. 

Бұл факт ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

Кеше, 10:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

Кеше, 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17